Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEE Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының (ENQA) толық мүшесі болды.

2023 жылдың 12 желтоқсанында Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының (ENQA) агенттіктерді тексеру бөлімінің басшысы Goran Dakovic KAZSEE президенті Ә. Әбжаппаровқа KAZSEEдің ENQA ұйымының толық мүшелігіне енгендігін растайтын сертификатты тапсырды.