Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEE ішінара ребрендинг жүргізді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 2094-1910-04-ОЮЛ 2024 жылы 18 қаңтарда «Орталық Азия Білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE)» атауымен қайта тіркеуден өтті.

Енді Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы KAZSEE Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық нормаларына сәйкес «Орталық Азия Білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE)» ретінде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта CAAAE Ғылым және жоғары білім министрлігінің №1 Ұлттық тізілімінде тіркеліп, ұлттық аккредитация жүргізіп жатыр.

Барлық еуропалық серіктестер «Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE)» атауымен қайта тіркеледі.